Әзербайжан мемлекеттік бюджетте бекітілген мұнай бағасын барреліне 75 долларға дейін көтерді

Жарияланды
Әзербайжан мемлекеттік бюджетінде бекітілген мұнай бағасы 60 доллар болатын / Архив: kursiv.media

Әзербайжанның Экономика министрлігі 2024 жылға арналған негізгі макроэкономикалық болжамды қайта қарап, мемлекеттік бюджетке енгізілген мұнай бағасын барреліне 60 доллардан 75 доллар дейін көтерді.

Әзербайжан Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында Azeri Light мұнайының орташа экспорттық бағасы 87,3 доллар болды. Бұл қазіргі мемлекеттік бюджетке енгізілген көрсеткіштен 27,3 долларға жоғары.

«Осының негізінде Экономика министрлігі негізгі макроэкономикалық болжамға өзгерістер енгізіп, мұнайдың орташа экспорттық бағасын барреліне 60 доллардан 75 долларға дейін, яғни 15 долларға көтерді», – деп атап өтті Қаржы министрлігі.

Нәтижесінде 2024 жылға ЖІӨ-нің номиналды көлемінің болжамы 3 млрд манатқа – 121,3 млрд манатқа дейін, оның ішінде мұнай және газ емес ЖІӨ – 84,7 млрд манатқа (бастапқы болжамнан +0,6 млрд манат) дейін ұлғайтылды.

Еске сала кетсек, Қазақстан 2023 бастап Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдайды.

Сондай-ақ Қазақстан арқылы мұнай тасымалдау бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Оған Ресей арқылы өтетін бағыттар да кіреді. Каспий құбыры консорциумы, Атырау – Самара құбыры, Махачкала – Ақтау бағыттары болды. Биылдан бастап Ақтау – Баку бағытындағы тасымалдау іске қосылады.

«Қазмұнайгаз» Әзербайжан арқылы тасымалданатын мұнай көлемін 1,5 есе арттыруды көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз