Ұлттық тестілеу орталығынан ақпараттарды көшіріп алған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны 2,5 жылға сотталды

Жарияланды (жаңартылды )
Ұлттық тестілеу орталығына қатысты үкім заңды күшіне енді / Фото: kursiv.media

Билығы жылдың сәуірінде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 айға бас бостандығыннан айырылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Олар Ұлттық тестілеу орталығынан ақпараттарды заңсыз көшіріп алған.

Сондай-ақ қос азамат коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.

«Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды, оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, көшіріп алған», – деп хабарлады ҰҚК.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетсек, Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ға тіркеу мерзімін бір күнге ұзартты.

Негізгі ҰБТ-2024-ке 6 мамырдан 14 мамырға дейін өтініш қабылданған болатын. Биыл Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен барлық талапкерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Тестілеудің өзі 16 мамырда басталған, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарына түсуге арналған гранттар тізімін жариялаған болатын. Тізімді мына жерден көруге болады. 

Сондай-ақ оқыңыз