Мемлекеттік аудит: Жетісу облысында құрылысы аяқталған 6 тұрғын үй 1,5 жылдан бері бос тұр

Жарияланды (жаңартылды )
Мемлекеттік аудит
Аудит бойынша олардың жалпы құны шамамен 5,8 млрд теңгені құрайды / Архив: kursiv.media

Жоғары аудиторлық палата Жетісу облысында тексеріс жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады.

Мемлекеттік аудит барысында бюджеттің сапалы және тиімді орындалуына әсер ететін бірқатар жүйелі проблема анықталды.  

«Өңір республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа аса тәуелді. Трансферттерді есептемегенде жергілікті кірістер жалпы шығыстардың 16%-ы ғана жабады. Бұл ретте облыстық бюджеттің атқарылуы нәтижеге толықтай бағдарланбаған. Жекелеген көрсеткіштердің ыңғайлы тұжырымдары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қол жеткізу үшін тиісті шараларды қолданбауға мүмкіндік береді. Бұл бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану тәуекелдерін тудырады», – деген қорытынды шығарылды мемлекеттік аудит нәтижесінде.

Мемлекеттік аудит барысында бюджеттік жоспарлаудағы кемшіліктерді анықтады. Мәселен, Басқыншы ауылындағы мектептің жобалық қуаты 425 оқушыға 300 орынды, ал Қазақстанның 10 жылдығы ауылында 69 оқушыға 120 орынды құрайды.

Облыста барлығы 4 730-ға жуық оқушы орны қажет. Абаттандыру жұмыстарының, сондай-ақ жылу, сумен жабдықтау және кәріз желілері бойынша жұмыстар кешіктірілген. Бұл құрылысы аяқталған тұрғын үйлерді пайдалануға беруді тежеген. Мәселен, Панфилов ауданында 60 пәтерлік төрт және 80 пәтерлікекі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр. Олардың жалпы құны шамамен 5,8 млрд теңгені құрайды.

«Инвестициялық жобалардың іске асырылуын дұрыс талдамау, олардың құнының өсуіне және іске қосу мерзімінің кешіктірілуіне әкелді», – деп хабаралады Жоғары аудиторлық палата.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметінен бірқатар олқылықты анықтаған

Сондай-ақ оқыңыз