Ақмола облысында ауа райының құбылуына байланысты жолдар жабылды
Ақмола облысында ауа райы күрт құбылып, жол қозғалысы шектелді.
«2024 жылғы 25 мамырда Ақмола облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты (ауа температурысының төмендеуі мен қар жаууы) автожолының 1080-1140 шақырымы аралығында (Колутон стансасы мен Новочеркасское ауылы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», – деп хабарлады «Қазавтожол».
Бұған дейін «Қазгидромет» мамыр айында ауа райы тұрақсыз болады деп болжады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы жоғарылайды. Батыс, оңтүстік, орталық өңірлерде жауын-шашын жиілейді.
«Бір ай бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі. Көп күн бойы жоғары температуралық фон сақталады деп күтілуде: республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады», – деген еді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.