Ақмола облысында ауа райының құбылуына байланысты жолдар жабылды

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыда ауа-райы
Ақмола облысында жол қозғалысы шектелді / Фото: kursiv.media

Ақмола облысында ауа райы күрт құбылып, жол қозғалысы шектелді.

«2024 жылғы 25 мамырда Ақмола облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты (ауа температурысының төмендеуі мен қар жаууы) автожолының 1080-1140 шақырымы аралығында (Колутон стансасы мен Новочеркасское ауылы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», – деп хабарлады «Қазавтожол».

Бұған дейін «Қазгидромет» мамыр айында ауа райы тұрақсыз болады деп болжады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы жоғарылайды. Батыс, оңтүстік, орталық өңірлерде жауын-шашын жиілейді.

«Бір ай бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі. Көп күн бойы жоғары температуралық фон сақталады деп күтілуде: республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады», – деген еді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сондай-ақ оқыңыз