Үндістанның Раджкот қаласындағы ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 27 адам мерт болды

Жарияланды (жаңартылды )
Раджкот қаласындағы ғимарат өртенді / фото Reuters

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында қайғылы оқиға болды. Сенбіге қараған түні Раджкот қаласындағы отбасылық ойын-сауық мекемесі өртке оранды. Соның салдарынан 30-ға тарта адам көз жұмды. Оның ішінде балалар қаза болды.

Өрт тұтанған кезде шамамен саябақтағы екі қабатты ғимаратта 300-дей адам болған. Түтін шыққаннан кейін, бәрі сыртқа қарай жүгірген. Бірақ жалын жан-жақтан қоршап алды. Өрт сөндірушілер жеткенше, ғимарат опырылып құлап түсті.

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады. Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиға кезінде 27 адам мерт болды.

Сондай-ақ оқыңыз