Қарағанды облысындағы сегіз ауылда ірі қарадан сарып ауруы анықталуына байланысты санитариялық шектеу енгізілді

Жарияланды (жаңартылды )
Қарағанды облысындағы ірі қаралардан сарып ауруы анықталды / коллаж kursiv.media

Қарағанды облысындағы ірі қаралардан сарып ауруы анықталды. Абай, Шет, Нұра, Қарқаралы ауылдарында инфекция таралған. Ақпарат құралдары облыс бойынша сегіз ауылға санитариялық шектеу қойылғанын хабарлады.

Ауылдардағы бруцеллезбен ауырған 18 сиыр сойылып, олардың еті кәсіпорындарға өткізілген. Етке төленетін ақыдан бөлек, мал құнының 30 пайызын Үкімет өтейді.

ҚР АШМ ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облысы аумағы инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев 15-20 күн сайын малдың қанынан сынама алынып жатқанын айтты. Ережеге сәйкес олардың еті өңделуге жіберілуде.

Сарып ауруы Brucella бактериясы арқылы таралады. Мал өнімдері арқылы адамдарға да жұғуы мүмкін.

Қаңтар айында Қарағанды облысының төрт ауылында малды алып келуге және тасымалдауға, ет-сүт өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салынған еді. Ол кезде мал арасында құтыру мен сарып аурулары тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз