Қазақстан әлемдегі газ бағасы ең төмен ел – ресейлік зерттеу

Жарияланды
Шығарушы редактор
Казахстан занял первое место в мире по ценам на газ
Қазақстан әлемдегі газ бағасы ең төмен ел / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Қазақстан әлемдегі газ бағасы ең төмен елге айналды. Текше метр үшін 31,1 теңге. Ресейлік РИА Новости Экономикалық зерттеулер орталығының сарапшылары дайындаған зерттеу рейтингін жариялады.

Алайда Қазақстандағы газ бағасы зерттеуде көрсетілгеннен төмен. Энергетика министрлігінің соңғы бұйрығына сәйкес бір текше метр газ 22 теңге тұрады. Сәуір айының соңында министрлік шекті көтерме бағаларға тарифтерді орта есеппен 15% көтеру туралы бұйрық жобасын дайындады.

«Тауарлық газға шекті көтерме бағалар 15% өскен кезде Қазақстандағы халық үшін бөлшек бағалар өңірге байланысты 1,1 теңгеден 3,87 теңгеге /м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңгені/м3 (ҚҚС есептемегенде) құрайды», – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

«РИА Новости» ақпаратына сүйенсек, қазақстандықтар орташа айлық жалақыға 10 мың текше метрден астам газ сатып ала алады. Ал ресейліктер орташа жалақыға тоғыз мыңға жетпейтін текше метр газ сатып ала алады. Көшбасшылар үштігіндегі Беларусь бес мың текше метр газ сатып ала алады.

Соңғы орындарда Португалия (991,9 текше метр), Литва (805,4 текше метр) және Молдова (604,8 текше метр) тұр. Ең қымбат газ Швецияда (текше метр үшін 1050 теңге), ал ең арзан — Қазақстанда (текше метр үшін 31,1 теңге).

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында 1 шілдеден бастап майнерлер үшін сондай-ақ өндірілген электр энергиясын цифрлық майнингке бағыттайтын электр стансаларына газдың көтерме бағасы 50-ден 75%-ға дейін қымбаттайды

Сондай-ақ оқыңыз