Ұлттық банк статистикасына сәйкес, 2024 жылдың 1 сәуірінде экономика секторы бойынша несие көлемі 35,5 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бір жылда 21,4%-ға ұлғайды (2023 жылғы 1 сәуірге – 29,3 трлн теңге).
Кредиттердің 46,4%-ы кәсіпкерлерге тиесілі. Оларға берілген несие мөлшері 15,0%-ға өсті. Кәсіпкерлер алған несие көлемі – 16,5 трлн теңге. Қалған несие – 19,1 трлн теңге халыққа берілді. Қарапайым халық рәсімдеген кредит 27,6%-ға дейін көбейді.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 21,3%-ға, 32,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасымен несие алғандарға берілген ресурс 23,5%-ға өсті. 3,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен).
Жалпы кредиттердің 86,1%-ын банктер үлестірген. Биылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша банктік ұйымдардың таратқан несие қаржысы 30 595 127 000 теңгеге жетті. Микроқаржы ұйымдары 2 451 897 000 теңге займ рәсімдеді. Ипотекалық несие 290 301 000 теңге болды. Өткен айлар есебімен салыстырғанда баспана алуға берілетін кредит көрсеткіші төмендеді.
Банктер арасында жүргізілген сауалнамаға сай шағын және орта бизнес субъектілерінің кредит алуға деген сұранысы артқан. Ал ипотекалық несиеге деген өтінім саны аса көбейген жоқ.