Жаңалықтар

Ресейлік футболшы Александр Кержаков алматылық «Қайраттың» бас бапкері болды

Александр Кержаков «Қайраттың» бас бапкері болды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Ресейлік футболшы Александр Кержаков алматылық «Қайрат» футбол командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі, 41 жастағы маманмен келісімшартқа отырғанын хабарлады

Александр Кержаков Ресейдегі Санкт-Петербург қаласының «Зенит», Испанияның «Севилья», Швейцарияның «Цюрих» және Мәскеудің «Динамо» командаларында ойнаған. Ол УЕФА Кубогының, Испания Кубогы мен Суперкубогының, Швейцария Кубогының иегері. Үш дүркін Ресей чемпионы.

Кержаков бапкер мансабын 2017 жылы «Зенит» академиясында бастап, 2018-2020 жылдары Ресей жасөспірім құрамаларын жаттықтырған. Ресейлік «Томь» және «Нижний Новгород», кипрлік «Кармиотисса» мен сербиялық «Спартак» Суботица футбол клубтарын да баптаған. 

Алматының «Қайрат» футбол командасы қазақстандық миллиардер Қайрат Боранбаевқа тиесілі. Өткен жылы клуб Қазақстан премьер-лигасын 4-орында аяқтады. Қазір 9 турдың қорытындысы бойынша 3-орында тұр.