Жаңалықтар

2024 жылы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданатын мұнай көлемі 7%-ға қысқаруы мүмкін

2024 жылы КҚК
2024 жылы жүйе арқылы 70 млн тоннадан астам мұнай тасымалданады деп жоспарланған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйе арқылы мұнай тасымалдау бойынша болжамын қайта қарады. Бұл туралы КҚК акционерлердің жылдық жалпы жиналысында белгілі болды.

«Жаңартылған болжамға сәйкес, 2024 жылы мұнай тасымалдау көлемі жүк жөнелтушілердің алдын ала сұраныстары негізінде бюджетте көрсетілген көрсеткіштермен салыстырғанда 7%-ға азаяды. Теңіз кенішінен жүк тасымалдау 7,9 млн тоннаға азаяды деген болжам бар. Ал Қашаған кен орнынан 3,3 млн тоннаға өседі. Жоспарланған көлемнен жалпы ауытқу 4,8 млн тонна», – деп жазылған КҚК акционерлерінің жылдық жиналысының қорытындысында.

2024 жылы жүйе арқылы 70 млн тоннадан астам мұнай тасымалданады деп жоспарланған. Осылайша, жаңартылған болжамда шикізат тасымалының көлемі шамамен 65,2 млн тонна болады деп жазылған.

«Бұған жүк жөнелтушілердің тендерлік науқандары ықпал етеді», – деп хабарлады консорциум.

Былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 63,5 млн тонна мұнай жеткізілді. Бұл рекордтық көлем саналады. Оның 56 млн тоннасы Қазақстанға тиесілі. 

2024 жылдың 1 қаңтары мен 24 мамыры аралығында теңіз терминалында 244 танкер тиелді (2023 жылға қарай +5 кеме). 2023 жылғы сәйкес кезеңдегі 25,92 млн тоннамен салыстырғанда тиісінше 26,7 млн тонна мұнай экспортталды.

Каспий Құбыр Консорциумы Новороссийскіге мұнай тиеуді уақытша тоқтатты. Сонымен қатар «Каспий құбыр консорциумы-Қазақстан» акционерлеріне аралық дивиденд ретінде 93,5 млн доллар төледі.

Каспий құбыр консорциумы – ірі халықаралық мұнайжүргізу жүйесі. Ол Қазақстан батысынан (негізінен Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан) Қара теңіздегі Новороссийск (Ресей) портына жақын орналасқан терминалдарға мұнайды жеткізу үшін құрылған. Мұнай тасымалдауы 2001 жылы басталған,ұзындығы 1500 шақырым.

Жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты саналады. Мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайдың 80%-дан астамы экспортталады.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть (MOEX: TRNF) бақылайтын 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.