Марат Оспанов атындағы Батыс Қазастан медициналық университетінің ректоры Әсет Қалиев ұсталды. Мұны Антикор растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» Басқарма төрағасы ұсталғанын хабарлайды»,- делінген хабарламада.
Антикор басқа мәлімет жарияламады. БҚМУ сайтында Басқарма төрағасы-ректор – Әсет Қалиев деп көрсетілген.
Әсет Қалиев 1974 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясында, М. Оспанов атындағы АММИ госпитальдық хирургия кафедрасының аспирантурасында оқыған.
Медицина ғылымдарының докторы. Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары (2013-2014) болған. «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы (06.2014-06.2020) және Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталған болатын. Сонымен қатар Бас прокуратура Қаңтар кезіндегі азаптау фактісі бойынша Алматы полициясы бастығының орынбасары ұсталғанын растады.