Ұлттық банк жариялаған статистикаға сүйенсек, 21 қазақстандық банктің таза кірісі сәуірде наурызбен салыстырғанда 30,2%-ға өсіп, 776,7 млрд теңгеге жетті.
Бір жыл ішінде банктердің таза пайдасы 11,8%-ға (694,6 млрд теңге) өсті. Салыстырар болсақ, өткен жылдың наурыз-сәуір айларында осыған ұқсас жағдай байқалған. Бір айда бұл көрсеткіш 36,2%-ға, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда (2023 жылғы сәуірде 2022 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда) 85,2%-ға өсті.
Көп табыс тапқан қаржы ұйымдары
2024 жылдың сәуір айының соңында Halyk Bank ең көп пайда тапты – 241,4 млрд теңге немесе жалпы кірістің үштен бірі. Ай сайынғы көрсеткіш 49,2%-ға өсті.
Екінші орында 153 млрд теңге табыспен Kaspi Bank тұр. Оның көрсеткіші 35,4%-ға өсті. Осы екі банктің табысы сәуірде сектор табысының 50% құрады. Сәуірдегі ең аз табыс «Заман-банкке» тиесілі– небәрі 69,3 млн теңге. Бұл ретте қаржы ұйымы табысы алдыңғы айға қарағанда 5,8 есе (наурыздың аяғында 401,8 млн теңге) азайды.
Банк активтері
Сәуірде банк активтері 1%-ға немесе 500 млрд теңгеге азайып, 52,4 трлн теңгеге тұрақтады. Ал жылдың көрсеткіш 16,8%-ға өсті (2023 жылғы сәуірде 44,83 трлн теңге). Ең көп актив Halyk Bank – 15,1 трлн теңге, ең аз «Заман-банкке» – 33,7 млрд теңге тиесілі.
Міндеттемелер наурыз айымен салыстырғанда 0,8%-ға азайып, 45,02 трлн теңгеге жетті. Олар бір жылда 38,95 млрд теңге, 15,5%-ға өсті. Бұл ретте Halyk Bank үлесіне барлық міндеттемелердің төрттен бірінен астамы (28,2%) келеді. Қазақстандық банктердің меншікті капиталы бір айда 1,7%-ға азайды. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға өсті.
21 қазақстандық банктің несие портфелі 30,72 трлн теңгеге жетті
Бұл 2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 440 млрд теңгеге жоғары. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 22%-ға өсті.
Айта кететіні, Ұлттық банк қаржылық көрсеткіштерді Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (IFRS) бойынша емес, жеке стандарттарына сәйкес есептейді.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы ақпанда 21 банктің жиынтық активтері қаңтар айындағы құлдыраудан кейін (–0,74% бір айда) 1,77%-ға (+902 млрд тенге ) өсіп, 52 трлн теңгеге жетті. Сегіз банктің активтері төмендеген.
Екі айдың қорытындысы бойынша сектордың жиынтық пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті (330 млрд теңгеден 390 млрд теңгеге дейін). Жүйеде шығыны көп ойыншылар жоқ.