Алматыда өтетін ҰҚШҰ жиынына байланысты жол қозғалысына шектеулер енгізіледі – Алматы полициясы

Жарияланды
ҰҚШҰ жиынына
6 маусымға дейін Алматыда шетел өкілдерінің қатысуымен ҰҚШҰ жиыны өткізіледі / Фото: shutterstock

Алматыда бірнеше күн қатарынан ҰҚШҰ жиыны өткізілуіне байланысты, қалалық полиция департаменті қаладағы жол қозғалысына шектеулер енгізілетінін хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, 30 мамыр мен 6 маусым аралығында Алматыда бірқатар халықаралық іс-шаралар өтеді.

30 мамыр күні ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы басталған. Бұл жиын бүгін де жалғасын табады.

Ал 2-3 маусым аралығында Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді. Ал 5-6 маусым күндері ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары Комитетінің отырысы өтпек.

«Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция Департаменті көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды», – делінген баспсаөз хабарламасында.

Айта кетейік бұл шектеулер тек жеке автокөліктердің қозғалысына кедергі болуы мүмкін. Ал қоғамдық көліктерге еш әсер етпейді.

Сондай-ақ оқыңыз