Bank RBK 2023 жылға 24,7 миллиард теңге дивиденд төлейді. Соның 15 миллиарды немесе 61 пайызы 2017-2018 жылдары берілген мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеуге бағытталады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банк былтыр 49,5 млрд теңге таза пайда тапқан.
Бұған дейін 2022 жылдың соңында банк 13 миллиард теңгеге жуық мемлекет қаражатын мерзімінен бұрын қайтарған. 2017-2018 жылдары банк мемлекеттен 243,7 млрд теңге көмек алған. Қазір мемлекет көмегінің 215,3 млрд теңгесі банк балансында. Бұл қарызды қаржы ұйымы 2032 жылға дейін қайтатуыр тиіс.
2017 жылдан бері банк мемлекеттен алынған қаражат бойынша 58,2 млрд теңге тең купондық сыйақы төлеген.
Bank RBK акцияларының 89,7%-ы «KSS FINANCE» ЖШС арқылы Владимир Кимге тиесілі болса, 6,4%-ына Наталья Акентьева иелік етеді.
Аудиттелген шоғырландырылған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 2 трлн т теңгені, несие портфелі – 2 044,3 млрд теңгені құраған. 2023 жылдың 12 айында банктің таза пайдасы 49,5 млрд теңгені құраса, 2022 жылы 37,1 млрд теңге пайда тапқан.
Қазіргі кезде Қазақстандағы 5 банктің балансында 1,5 трлн теңгеге жуық мемлекеттік көмек бар. Олар: БанкЦентрКредит, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan Bank және Nurbank. Бұл көмек қаржыны 2017 жылғы сауықтыру бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берген.
Жақында Halyk Bank 250 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік көмекті толығымен мерзімінене бұрын өтеді. Ал Jusan Bank «Самұрық-Қазына» қорынан мерзімінен бұрын 100 млрд теңгенің реттелген облигацияларын сатып алды.