Freedom Broker «ҚазТрансОйл» акцияларына қатысты болжамын жаңартты

Жарияланды
ҚазТрансОйл
Болжам «ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін жариялағаннан кейін өзгерді / Архив: kursiv.media

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін жариялады. Аталған есептен кейін Freedom Broker компания акцияларына қатысты болжамын жаңартты.

«Тоқсандық кіріс былтырғыдан өсті. Бірақ маусымдық жағдайға байланысты өткен тоқсанмен салыстырғанда кіріс төмендеген. Дегенмен, компания операциялық маржаның бірдей деңгейін сақтайды және 6 тоқсанда алғаш рет еркін ақша ағыны оң болды», – деп хабарлады сарапшылар.

Сарапшылар бағалауынша, «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын реконструкциялау және кеңейту жобасы жүзеге аспауы мүмкін. Бұл компанияның билы өз балансын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

«Бағалау үлгісінде біз бірлесіп басқарылатын «Қазақстан-Қытай құбыры» компаниясы мен ҚТО компаниясының таза қарыз көрсеткіштерін жаңарттық. Сондай-ақ бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша капиталды төмендеттік. Бағалау үлгісіндегі осы өзгерістердің барлығы «ҚазТрансОйл» компаниясының бір акциясының мақсатты бағасының өсу әлеуеті 30% болатын 1110 теңгеге дейін өсуіне әкелді. Ұсыныс: «Сатып алу», – деп хабарлады Freedom Broker.

Еске сала кетсек, ҚТО-ның 2023 жылғы таза табысы 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге – 8,3 млрд теңгеден 18 млрд теңгеге дейін өсті.

Компанияның шоғырландырылған пайдасы 65,9%-ға – 19,8 млрд теңгеден 32,8 млрд теңгеге дейін артты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған ҚТО қаржылық есебінде жазылған.

Осы ретте Freedom Broker сарапшылары ҚТО акцияларын сатып алуды ұсынды. 2024 жылғы наурыздағы болжам бойынша «ҚазТрансОйл» компаниясының бір акциясының бағасы 1080 теңгеге дейін – 27% өсу әлеуеті жоғары, деп бағалады мамандар.

Сондай-ақ оқыңыз