Банк пен қаржы

Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 870 млрд теңге қарыз тартпақ

министрлігі
Қаржы министрлігі қанша облигация шығарады? Коллаж: kursiv.media

Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін маусым айында 870 млрд теңге қарыз тартпақ. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлайды.

Маусым айында министрлік жалпы сомасы 870 млрд теңгеге облигация орналастыруды жоспарлаған. Бұл мамыр айындағы көрсеткіштен 1,5 есе артық. Өткен айда Қаржы министрлігі ұор нарығына жалпы құны 570 млрд доллар болатын облигация орналастырып, қаржы тартқан.

Сонымен қатар қауысдастық сарапшылары Павлодар облысын әкімдігінің екі жылдық облигациялар орналастырғанын атап өтеді.Әкімдік дылдық мөлшерлемесі 0,35%-бен жалпы 1,4 млрд теңгеге облигация орналастырған.

«Қарыз нарығындағы оқиғаларга келер болсақ, Павлодар облысы әкімдігінің жылдық 0,35%-бен 1,4 млрд теңгеге екі жылдық облигация орналастырды. ҚР Қаржы министрлігі маусым айында жалпы көлемі 870 млрд теңгені құрайтын (мамырда 570 млрд) облигацияларды орналастыруды жоспарлап отыр», – деп жазады мамандар.

Қаржы министрлігі 2024 жылы қор нарығынан жалпры 5,2 трлн теңге қаржы тартуды жоспарлаған. Алынатын қарыздың негізгі бөлігі былтырғыдай 10 жылдық МЕКАМ облигацияларына тиесілі. Қаржы министрлігі жалпы көлемі 500 млрд теңгеге бір жылдық, екі жылдық – 480 млрд теңге, 510 млрд теңгеге үш жылдық бағалы қағаздарды шығаруды жоспарлап отыр.

2024 жылға арналған бюджет туралы заңда республикалық бюджет тапшылығы 3,5 триллион теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызын құрайтыны жазылған. Мұнайға жатпайтын тапшылық 8,7 трлн теңгені құрап, айырмашылық мұнай мен газдан түсетін түсімдер есебінен өтеледі.

2023 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы 2,8 трлн теңгеге жетіп, 30%-ға артқан болатын. Бюджет тапшылығы бойынша ЕАЭО елдері арасында Қазақстанның көрсеткіші жоғары. Еуразиялық экономикалық комссия 2024 жыл басынан Қазақстандағы бюджет тапшылығы төрттен бір есе өскенін хабарлады.

Сонымен қатар ұлттық валютадағы мемлекеттік қарыз да өскен. Арменияда – 13,1%-ға, Қазақстанда – 3,2%-ға, Қырғызстанда – 13,7%-ға, Ресейде – 10,3%-ға. Армения мен Қырғызстанда сыртқы мемлекеттік қарыз, ал Қазақстан мен Ресейде  ішкі қарыз көбейді.