Қазақстанда жер қойнауын барлауға бір айда 70 лицензия берілген

Жарияланды
Шығарушы редактор
барлауға
Жер қойнауын барлауға берілген лицензия саны артты. Фото: kursiv.media

Мамыр айында үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға 70 лицензия берді. Аталмыш лецензия барлау жұмысы жүргізуге рұқсат береді. Бұл туралы Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеген.

Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, министр тау-кен өнеркәсібін дамытуда сауатты құқықтық пдатформа құру керек деп атап өткен.

«Мемлекет ретінде тау-кен өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін дұрыс құқықтық платформа құру маңызды. Қазір барлауға лицензия алу тәртібіне өзгеріс енгізілді: бірінші өтініш бергендер алады, Мамыр айында ғана барлау ісіне 70 лицензия бердік», – деді Шарлапаев.

Министр соңғы жарты жылда «500-ге жуық барлау лицензиясы» берілгенін айтты. Оның пікірінше, сала дамып келеді және инвесторлар «Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарына қызығушылық танытып отыр».

Бұған дейін  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров 30 маусымға дейін 100-ге жуық кен орны акционға шығарылатынын айтқан. Ал 2023 жыл 74 жер қойнауы учаскесі бойынша 2 аукцион өткізілді, нәтижесінде қол қою бонусы шамамен 3,5 млрд теңгені құраған. Олардың қатарында мемлекет меншіген қайтарылған 23 кен орны бар. Қазіргі кезде мемлекет есебіне жапы саны 9177 кен орны енген.

Ерлан Ақбаровтың мәліметінше, жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін жылына шамамен 10 млрд теңге қаржы құйылады. Соңғы 5 жыл ішінде қаржыландыру сомасы 52 млрд теңгені құраған. Ал жер қойнауын пайдаланудан барлауға құйылған инвестицияларға жалпы сомасы 357 млрд теңге жұмсалған. Президент 2026 жылға дейін Қазақстандағы зерттеу аумағын 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізуді тапсырған.

Наурызда министрлік «Обухов» кен орнын аукционға шығарған болатын.  Аукционға 3 жер қойнауы телімі шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыз