Жаңалықтар

Канада әуежайынан көтерілген Boeing 777 ұшағының қозғалтқышынан от ұшқындаған

Boeing 777 ұшағының қозғалтқышынан от шыққан/ursiv.media

Канададан көкке көтерілген Boeing 777 ұшағының қозғалтқышы өртенген.

5 маусым күні кешке Air Canada Boeing ұшағы Торонтодан Парижге бағыт алған. Оның бортында 400-ге жуық адам болған. Әуежайдан көтерілгеннен кейін, қозғалтқышынан от ұшқындаған. Осыған байланысты видео бір-екі күн ішінде тарай бастады.

Әуе компаниясы ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Компрессордағы ақау салдарынан ұшақ кері қонуға мәжбүр болды.

Мамыр айында Лондоннан Сингапурға ұшқан Singapore Airlines компаниясы ұшағының әуеде қатты шайқалуы салдарынан 1 адам көз жұмып, 50 адам жараланды.  Boeing 777-300ER ұшағы Мьянма тұсында 11300 метр биіктікте күшті турбелентті аймаққа тап болып, Бангкок әуежайына қонуға шешім қабылдады.