Жаңалықтар

TikTok ережелерін өзгертті: пайдаланушылар соңғы 30 жазбасының қауымдастық ережелеріне сәйкестігін тексере алады

TikTok ережелерін өзгертті/kursiv.media архиві

TikTok компаниясы платформаның мазмұн саясатын одан әрі нақтылайтын қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді жаңартылған Қоғамдастық ережелерін енгізді. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, платформаға іздеу сұраулары, тікелей эфирлер және ұсыныстар арналары қалай модерацияланатыны туралы толық ақпарат енгізілген.

«Барлық жаңартулар авторлардың Қауымдастық ережелерін түсінуін қамтамасыз етуге және осы ережелерді қолдану үдерісінің ашықтығын арттыруға арналған»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы редакцияда TikTok ережелерге өзгеріс енгізді. Мәселен, өшпенділік пен денсаулыққа қатысты жалған ақпарат таратуға қатысты ережелерге өзгеріс енген. Сонымен бірге платформа ұсыныстағы контентке жаңа мазмұнға рұқсат беру стандарттарын енгізген. Оған сәйкес ұсыныстағы лентаға оның талаптарына қайшы келетін бейнероликтерді енгізсе, пайдаланушының видеороликтерін ғана емес, сонымен бірге аккаунтын да ұсыныстар лентасынан алып тастай алады. Мұндай жағдайда авторларға олардың аккаунты шектелгені туралы хабарлама жіберіледі және олар шешіммен келіспеген жағдайда шағымдана алады.

TikTok сонымен қатар пайдаланушыларға қауымдастық ережелерін жақсырақ түсінуге, олардың есептік жазбасының жағдайынан хабар беретін жаңа мүмкіндіктерді енгізген. Оған сәйкес, қоғамдастық ережелерін бірінші рет бұзған авторларға хабарлама жіберіледі. Бұл ескерту есептік жазбаны бұғаттауға әсер етпейді. Алайда ережелерді қайта-қайта бұзатын болса, ол есепке алынады. Бірақ та бұл ережелер қатыгездікке шақыратын аккаунттарға қатысты қолданылмайды. Ондай есептік жазбалар бірден бұғатталып отырады.

TikTok сонымен қатар пайдаланушыларға тіркелген күйі туралы хабар беретін «Есептік жазбаны тексеру» тетігін іске қосады. Бұл тетік авторларға соңғы 30 жазбасын тексеруге және олардың аккаунтының TikTok қауымдастық ережелеріне сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге белгілі бір аккаунтына қандай шектеулер енгізілгені , қауымдастықтың қандай ережелері бұзылғаны жайлы ақпарат ала алады. Ол жерде авторлардың қандай бейне мазмұны Ережелерді бұзғаны үшін жойылғаны немесе ұсыныстар арнасына сәйкес деп танылғаны туралы ақпарат тұрады.

Еске сала кетсек, TikTok тікелей трансляцияларды монетизациялау ережесін өзгеретінін хабарлады. 2024 жылдың 23 мамырынан бастап TikTok платформасында орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді тікелей трансляцияларды монетизациялаудың жаңа ережелері күшіне енеді және білім беру ресурстары да пайда болады.

Жаңа ережелерге сәйкес стримерлер TikTok LIVE трансляциялары кезінде, мазмұны сапасыз контент ұсынса немесе түпнұсқа емес контент ұсынса, ондай эфирлер үшін сыйақы төленбейді. TikTok осы ереже талаптарын бұзған қолданушыларға алдын-ала ескерту жібереді.

TikTok сонымен қатар жаңа стримерлерге тікелей эфирге қол жеткізуге мүмкіндік беруді көздеп отыр. Тікелей эфирге шығу үшін қолданушылардың жасы 18-ден жоғары болуы керек әрі есептік жазбалары белгілі бір критерийлерге сай болуы керек. Сонымен бірге компания бұл жаңартулардың TikTok компаниясының тікелей эфир қауіпсіздігін нығайтуға және мазмұн сапасын жақсартуға бағытталғанын мәлімдеді.