Kcell AIX-те жалпы құны 25 млрд теңгеге 250 облигация орналастырады

Жарияланды
Kcell «Астана қаржы орталығының» қор биржасында 250 млрд теңгеге облигациялар орналастырады / Коллаж: kursiv.media

Kcell ұялы байланыс операторы нарықтан 250 млрд теңге тартпақ. Компания купондық облигацияларын «Астана қаржы орталығының» қор биржасында (AIX) орналастырады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы құжатта жазылған.

Бағалы қағаздар облигациялық бағдарлама аясында теңгемен шығарылады. Олардың саны 250 дана – әрқайсысы 100 млн теңге болады. Купондық мөлшерлеме көрсетілмеген.

Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат «Кселл» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының стратегиялық міндеттері мен одан әрі дамуын қаржыландыруға жұмсалады.

Бұл ұялы байланыс операторының екінші рет облигация орналастыруы. Бірінші рет Kcell нарыққа 700 облигациясын шығарып, сырттан 70 млрд теңге тартты. Компания купондық облигацияларын «Астана қаржы орталығының» қор биржасында (AIX) орналастырған.

Компания наурызда 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебін жариялады. 2023 жылы компания табысы 18,4%-ға азайып, 32 млрд 897 млн теңге болды. Оның үстіндегі 9 млрд 155 млн теңгені табыс салығына төлеген. Компанияның былтырғы капиталы 171 млрд 518 млн теңге болды. 

Сондай-ақ оқыңыз