Жаңалықтар

Қазақстанның көрікті жерлерін онлайн карта арқылы 3D-форматта көруге болады

Қазақстанның көрікті жерлерін онлайн карта арқылы 3D-форматта көруге болады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстанның туристік аймақтарындағы көрікті орындарды мобильді қосымша арқылы 3D-форматта тамашалауға болады. Kazakh Tourism және Yandex Qazaqstan компаниялары Карты қолданбасында Алматы мен Астананың көрнекі жерлерінің 3D-өлшемді үлгілері пайда болды. 

Қосымша арқылы Астанада «Бәйтерек» монументін, «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасын, «Астана Опера» театрын, Орталық мешітті, EXPO халықаралық көрме орталығын көруге болады. Алматының 3D модельдерінің ішінде «Қазақстан» қонақүйі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, «Көктөбе» телемұнарасы, сондай-ақ 27 маусымда Yandex Qazaqstan Day технологиялық конференциясы өтетін «Медеу» спорт кешені бар.

«Басты міндетіміз — шартты белгілерге азырақ сүйеніп, шынайы өмірден таныс нысандарды көбірек көрсететін заманауи, интуитивті карталарды жасау. Осылайша Kazakh Tourism компаниясымен жасаған жаңа жобамыздың аясында дизайнерлер тобының 600 сағаттық қарқынды жұмысының арқасында Қазақстанның 17-ге жуық көрнекі жері картадағы басқа нысандарға қатысты көлемге, түске және нақты масштабқа ие болды. Енді пайдаланушыларға қажетті ауданды табу немесе онда бағыт-бағдарды анықтау, сондай-ақ көрнекті орындарды барлық ракурстан зерттеу оңайырақ», — дейді Яндекс Карты визуализация тобының басшысы Андрей Столяров.

Модельдерде сәулет ерекшеліктері, жазулар, түстер, көлеңкелер көрініп, нысандардың текстурасы байқалады. Ал түнгі қаланың көргіңіз келсе, қаланы іңір түскендегідей жарықтандырады.

«Yandex Qazaqstan компаниясымен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Бірлескен жұмысымыз туристік нысандарды қолжетімдірек етуге және пайдаланушылар үшін ыңғайлы навигация құралдарын жасауға бағытталған. Ақпаратты карталарға орналастыру біздің мәдени және тарихи мұрамызға көбірек назар аудартады» — деп атап өтті Kazakh Tourism басқарма төрағасы Қайрат Садуақасов.

Яндекс Карты — жаяу немесе көлікпен, мысалы, автомобильмен немесе автобуспен жетуге болатын маршруттар құруға көмектесетін навигациялық қолданба. Қазір Қазақстанда Яндекс Карты қызметін ай сайын 3 миллионнан астам адам пайдаланады. Поиск, Такси, Еда, Доставка деген Яндекстің басқа сервистері сияқты Яндекс Карты қызметін де қазақ тілінде пайдалануға болады.

Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай:

Хан Ордасы (БҚО), Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.), Туристік кешен (Қостанай обл.), Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорт аймағы (Ақмола обл.), Имантау-Шалқар курорт аймағы (СҚО), Баянауыл (Павлодар обл.), Катон-Қарағай курорт аймағы (ШҚО), Алакөл курорт аймағы (Абай обл., Жетісу обл.), Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.), «Көксай resort» (Жамбыл обл.), Балқаш (Қарағанды обл.), Түркістан (Түркістан обл.), Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.), Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.), Жылы жағажай (Маңғыстау обл.), Сарайшық қалашығы (Атырау обл.), Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.) және Туристік аудан (Астана қ.).

Көбінесе ел аумағы бойынша саяхат аясында қазақстандықтар Алматы мен Алматы облысына (53,2%), сондай-ақ Астана мен Ақмола облысына (44,6%) баруды жөн көреді. Оңтүстік өңірлер ішкі туристер үшін танымал үш бағыт, соның ішінде үшінші мегаполис Шымкент және туристер арасында танымал Түркістан – 30,2% болып отыр