Жаңалықтар

Ломтадзе Kaspi.kz-ті батыс елдерінің нарығына шығарғысы келеді

Глава Kaspi.kz рассказал какие новые рынки рассматривает для расширения
Kaspi.kz басшылығы Шығыс Еуропа мен Өзбекстанды қарастырып жатыр / Коллаж: kursiv.media

Kaspi.kz басшысы және тең иесі Михаил Ломтадзе финтех компаниясы өз бизнесін кеңейту үшін Шығыс Еуропа мен Өзбекстанды қарастырып жатқанын айтты. Бұл туралы ол Нью-Йоркте финтех инвесторы және подкаст жүргізушісі Мигель Армазаға берген сұхбатында бөлісті.

«Біздің Қазақстаннан да үлкен нарықтарға шығу ойымыз бар. Қазір біз үшін тартымды нарықтардың бірі – Шығыс Еуропа. Азиялық нарықтар да тартымды. Өзбекстан бар. Өзбекстан үлкен нарық және Қазақстанмен шектеседі. Ол да тартымды», – деді Ломтадзе.

Ол компания басшылығы Kaspi.kz қызметін пайдаланушылар санын 100 млн-ға жеткізу міндетін қойып отырғанын атап өтті. Қазір Қазақстанда 20 млн адам тұрады, ел халқының 15 млн-ға жуығы Kaspi. kz мүмкіндіктерін пайдаланады.

«Бізде жергілікті өсуімізге әлі көп мүмкіндік бар екенін білемін. Қазақстан – біздің үйіміз, сондықтан біз әрқашан инновацияларды жалғастыруға және азаматтарымызға жоғары сапалы қызмет көрсетуге баса назар аударамыз», – деді Ломтадзе.

Компания басшысы Kaspi.kz кез келген елде жұмыс істей алады деп есептейді. Бірақ ол Қазақстанда орналасқан, өйткені команда сол жерде жинақталған және елде жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, оның айтуынша, компания әлемнің кез келген нарығында, соның ішінде АҚШ, Қытай және Бразилияда бәсекеге қабілетті.

«Біз бұл елден экспорттай алатын нәрсе бар деп сенеміз. Адамдар Қазақстанды мұнайлы ел деп ойлайды. Бірақ Kaspi енді Қазақстанды инновацияларды енгізуші ел ретінде көрсете алады деп есептейміз. Біз басқа нарықтарды зерттейміз, ұялы байланысты енгізу, қолма-қол ақшасыз транзакциялар және т.б., әрине, электронды коммерция тұрғысынан біздің профилімізге қай нарық сәйкес келетінін қарастырамыз», – деді Kaspi.kz басшысы.

Айта кететіні, Kaspi.kz-тің ірі акционерлері – Baring Vostok қорлары (24,34% акция), Михаил Ломтадзе (21,53%) және Вячеслав Ким (20,39%). Компанияның акциялары KASE-де, ал депозитарлық акциялары NASDAQ-да саудаланады. Қаңтарда компания АҚШ қор биржасында IPO өткізді. Қолданыстағы акционерлер өз акцияларының бір бөлігін сатып, 1 млрд доллар тапты.

Наурызда Kaspi.kz Лондон қор биржасынан кететінін жариялап, себебін түсіндірді. Компания акциялары енді Лондон қор биржасында сатылмайды.