Жаңалықтар

Яндекс 2023 жылы Қазақстан бюджетіне қанша салық төлегенін мәлімдеді

Яндекс 2023 жылы қанша салық төледі / kursiv.media

Yandex Qazaqstan 2023 жылы Қазақстанда  23 млрд теңге салық төлеген. Ьұл жөнінде Yandex Qazaqstan Day фестивалінде Яндекстің жаһандық СЕО диеркторы Даниил Шулейко хабарлады.

Yandex Qazaqstan жақында Алматыда жаңа компанияның кеңсесі ашылғаны туралы хабарлады. Қазірдің өзінде кеңседе 500-ден астам қызметкер бар.

Қазіргі уақытта елімізде 10-нан астам компания сервисі жұмыс істеп тұр. Оның қатарында іздеу жүйесі, қалалық қызмет, бұлттық және геосервистер, ойын-сауық және білім беру жобалары бар.

Yandex Cloud жақында Қарағандыда өзінің дата орталығын іске қосты.

 «Яндекс. Такси» 2024 жылы қазақстандық жүргізушілерге бонус ретінде қосымша 7-10 млрд теңге төлеуге міндетті. Парламент Мәжілісінің депутаттарының сауалына берген жауабында Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров осылай деп мәлімдеді.

2023 жылы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс Таксиге қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізді. Cодан Яндекс Такси монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды.

Көлік министрі Марат Қарабаев Яндекс пен InDrive жүргізушілері медициналық тексеруден өтіп, 8 сағаттық жұмыс режимін сақтауы керек екенін айтты.

  • «Бізде Қазақстан бойынша такси саласында жұмыс істейтін осындай 10 агрегатор бар. Ең ірілері – InDrive және Яндекс. Біз олармен меморандумға қол қойдық. Оған сәйкес жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рульге отырмас бұрын жүргізуші ұйқы режимін сақтауы керек. Яғни сегіз сағат жұмыс істеген соң, сегіз сағат жұмыс істемейді дегендей. Сонымен қатар ол медициналық тексеруден өтуі керек болады. Қазір бұл салада реттілік жоқ. Өйткені Yandex және InDrive бұл мәселелерді бақыламайды», – деді министр.