Жаңалықтар

Ош облысында сел кезінде сегіз адам қаза болды

Ош облысында сел кезінде сегіз адам қаза болды / архив kursiv.media

Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында жүрген селден сегіз адам қаза болды.

Алты адам өзара туыс болып шықты. Ақпарат құралдарынан олардың жасы 6 мен 19 аралығында екені мәлім болды.

Жұма күні толассыз жауған жаңбырдың салдарынан сел он ауланы басып, Әбшір-Ата ауылындағы екі көпірді бұзды.

«Жергілікті тұрғындарға Әбшыр-Ата ауданындағы өзен жағасында 6 адам тапшанда демалып жатқан. Барлығын су алып кеткен. Кейін жергілікті тұрғындар бес адамның мәйітін тауып алды», – деген еді сол кезде Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Дағдарысты басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Оторбеков. Қырғызстан ТЖМ Ош облысында күшті нөсер жауатынын ерте ескерткен.

Осы өзен жағасында демалып жатқан алты адамның мәйіті толық табылған болуы мүмкін.

ҚР Сырты істер министрлігі қазақстандық екі баланың қаза тапқанын хабарлады.

«Қырғызстан ТЖМ ақпараты бойынша, Ош облысының Ноокат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел тасқыны салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы қаза тапты. Тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады. Қырғыз құтқрушыларының күштерімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – деді қосымша ҚР Төтенше жағдай министрлігі.

Министрлік Қырғызстандағы ведомствомен тығыз байланыста.

«Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазақстан ТЖМ Ош қаласына қаза тапқан азаматтардың денелерін тасымалдау үшін әуе кемесін жіберу мәселесін пысықтауда», – делінген ТЖМ ақпаратында.

Айта кетейік, екі ел өзара авиациялық құтқару бойынша бір-біріне жедел көмек беруге тиіс. Келісім аясында бірлескен іздестіру-құтқару операцияларын жүргізудің нормативтік негізі, іздестіру және құтқару аудандарының шекарасы, жауапты құзыретті органдар айқындалды. Сондай-ақ іздестіру операциялары кезінде өзара көмек көрсету құқығын көздейді.