Bank RBK қор нарығынан 17 млрд теңге қаржы тартуды жоспарлап отыр. Бұл қаржыны банк экономиканың нақты секторына несие ретінде бермек.
Ол үшін банк Қазақстан қор биржасына құны 1000 теңгелік 17 миллион қамтамасыз етілмеген купондық облигация шығарады. Облигациялар бойынша негізгі борыш пен сыйақы ұлттық валютада есептеледі. Негізгі сыйақы мөлшерлемесі бүкіл айналым мерзімінде 4% деп белгіленген. Сыйақы облигация иелеріне 12 айда бір рет төленеді.
Банк облигацияларын айналымға шыққан уақыттан 5 жылдан соң ғана кері сатап ала алады. Бұл «жасыл», әлеуметтік немесе тұрақты даму облигациялар емес.
Облигациялар шығарылымынан түскен қаражат экономиканың нақты секторына несие беруге жұмсалады. Кредит ірі кәсіпорындарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне берілмек.
Bank RBK акцияларының 89,7%-ы «KSS FINANCE» ЖШС арқылы Владимир Кимге тиесілі болса, 6,4%-ына Наталья Акентьева иелік етеді.
Аудиттелген шоғырландырылған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктің активтері 2 трлн теңгені, несие портфелі – 2 044,3 млрд теңгені құраған. 2023 жылдың 12 айында банктің таза пайдасы 49,5 млрд теңгені құраса, 2022 жылы 37,1 млрд теңге пайда тапқан. Банк былтыр 49,5 млрд теңге таза пайда көрді.
Қазіргі кезде Қазақстандағы 5 банктің балансында 1,5 трлн теңгеге жуық мемлекеттік көмек бар. Олар: БанкЦентрКредит, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan Bank және Nurbank. Бұл көмек қаржыны 2017 жылғы сауықтыру бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берген.