Жаңалықтар

Полиция туристік агенттіктердегі алаяқтар туралы ескерту жариялады

Полиция туристік агенттіктердегі алаяқтар туралы ескертті / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Ішкі істер министрлігі туристік агенттіктерді таңдағанда қырағы болуды ескертеді. Шетелге жолдама сатып алуға тырысқан Ақтөбенің бірнеше тұрғыны алаяқтардың құрбаны болған. Полиция туристерге келісімшарттарды мұқият оқып шығуға және турагенттерге алдын-ала төлем жасамауға кеңес береді.

«Әртүрлі елдерге саяхаттауды қалайтындар туристік агенттіктердің қызметіне жиі жүгінеді. Алайда олар азаматтардың сенімін асыра пайдаланатын және клиенттерге келісілген қызметтерді ұсынбай, ақшаны заңсыз иемденетін жосықсыз агенттіктерге тап болуы мүмкін», – делінген ІІМ сайтында.

Мәселен, маусым айында Ақтөбе тұрғыны полицияға туристік агенттікке алданып қалғаны туралы арызбен жүгінген.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында мамыр айында Ақтөбедегі туристік агенттіктердің бірінің директоры авиабилеттерді сатып алу үшін жәбірленушіге тиесілі 250 мың теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді ведомстводан.

Полицейлер туристік агенттіктің директоры облыстың тағы бірнеше тұрғынын дәл осылай алдағанын анықтаған.

«Полиция шетелге саяхаттауды жоспарлаған азаматтарды туристік агенттіктерді таңдағанда қырағы болуға шақырады. Моральдық және қаржылық шығындарды болдырмау үшін алдын ала төлемдерді аударуға, шартты мұқият зерделеуге, агенттіктерден барлық қажетті туристік құжатты талап етуге және оларды алдын ала тексеру керек», — деп кеңес берді ІІМ.

Көбінесе ел аумағы бойынша саяхат аясында қазақстандықтар Алматы мен Алматы облысына (53,2%), сондай-ақ Астана мен Ақмола облысына (44,6%) баруды жөн көреді. Оңтүстік өңірлер ішкі туристер үшін танымал үш бағыт, соның ішінде үшінші мегаполис Шымкент және туристер арасында танымал Түркістан – 30,2% болып отыр