Қазақстан мен Әзербайжан SK-AIH Investment Fund Ltd бірлескен инвестициялық қорын басқаратын болады. Қор маусым айының соңында АХҚО-да тіркелген. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі хабарлады.
3 шілдеде ШЫҰ саммиті қарсаңында «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Әзербайжан экономика министрі Микаил Чингиз оғлы Жаббаров келісімге қол қойылды. Құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысты.
«Қазақстан-Әзербайжан инвестқорының қызметі екі ел экономикасының түрлі секторларына инвестициялар жұмылдыруға, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға арналған инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады», – деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Әзербайжанда «Самұрық-Қазына» АҚ және Azerbaijan Investment Holding бірлескен кәсіпорын құруды көздейтін стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын. 27 маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында «SK-AIH Investment Fund Ltd.» бірлескен қоры тіркелген.
Қазақстан Әзербайжан арқылы тасымалданатын мұнай көлемін арттыратыны белгілі болды.
Алмасадам Сәтқалиев болашақта Қазақстандағы мұнай өндірісі артатынын айтады. Соны ескере отырып Ұлттық компаниялар алдына тасымалданатын мұнай көлемін міндеті қойылған.
«Біздің Ұлттық компанияларымыздың алдына Қазақстанда өндірістің өсуін ескере отырып, мұнай жеткізу көлемін ұлғайту міндеті қойылды. Осыған байланысты, қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті кездесу барысында А.Сәтқалиев.
Сондай-ақ Әзербайжан мен Қазақстан арасында фито-санитариялық бақылау күшейетінін жазған едік.
Сенат депутаттары Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациалайтын заң қабылдады.