Павлодар мұнай-химия зауытында маусым айынан бастап жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Зауыт жоспардағы көрсеткіштен озық келеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ зауыттың жалпы жөндеу жұмысы 68,8%-ға жеткенін хабарлады.
«Павлодар мұнай-химия зауытында жүріп жатқан жоспарлы алдын алу жұмыстарының негізгі кезеңі басталды. Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінде жұмыстың 54%-ы (жоспар бойынша — 41,4%), мұнайды терең өңдеу өндірісінде 56,5%-ы (жоспар бойынша — 52,9%), ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінде жұмыстың 69,5%-ы (жоспар бойынша — 44,5%) орындалды», – деп хабарлады компания.
Кәсіпорын шілде айының ортасында іске қосылады. ПМХЗ өндіріс толық іске қосылғанша, мұнай өнімдерін бұдан бұрын жинақталған қордан жөнелтуде. Энергетика министрлігі келіскен жоспарға сай өнімдерді жүргізіліп жатыр.
«ҚазМұнайГаз» есебі бойынша Павлодар мұнай-химия зауыты мамыр айында 13,1 мың тонна (жоспардан 1,2 мың тоннаға артық) сұйытылған газ өндірген. Тауар нарығы үшін зауыттағы сұйытылған көмірсутек газының орташа айлық өндірісі 22 мың тонна құраған.
Мұнай-химия зауыты жөндеу жұмысын 17 маусымда бастады. Кәсіпорын жоспарлы алдын алу жұмысы бір айға созылатынын ескертті.
2024 жылдың 5 айында ПМХЗ шамамен 2,5 млн тонна шикізатты қайта өңдеп, шамамен 730 мың тонна бензин, 807 мың тонна дизель отынын өндірді. Оған қоса 130 мың тонна битум, 217 мың тонна мазут, 147 мың тонна сұйытылған газ, 113 мың тонна авиаотын шығарды.