Жаңалықтар

Иранның жаңа президенті анықталды. Масуд Пезешкиан сайлау додасында жеңіске жетті

Ол сайлауда 53,3 пайыз дауыс жинады / Фото: Reuters

Иранның жаңа президенті кім болатыны белгілі болды. Реформатор Масуд Пезешкиан президенттік сайлаудың екінші турында 53,3 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті.

Tasnim басылымының мәлімдеуінше, сайлау додасында Пезешкян 16 млн 384 мың 403 дауыс жинаған. Ал оның қарсыласы консерватор Саид Джалили 44,3 %, яғни 13 млн 538 мың 179 дауысқа ие болған. Осылайша Пезешкян елдің тоғызыншы президенті болып сайланды. Сайлауда барлығы 30 млн 510 мың 157 адам дауыс берген. Халықтың сайлауға қатысу деңгейі 49,8%-ды құрады.

69 жастағы Пезешкиан осыған дейін реформашылдар қанатының мүшесі және соңғы бес шақырылымдағы Иран парламентінің депутаты болды. Бұған дейін ол Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрі де болған. Сондай-ақ президенттік сайлауға екі рет қатысқан.

Айта кетейік, сайлау Иранның бұрынғы президенті Ибрахим Раисидың мамыр айында тікұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін тағайындалды. 28 маусымда өткен бірінші турда бірде-бір кандидат көп дауыс ала алмаған соң, сайлаудың екінші кезеңін өткізуге тура келді. 5 күнге созылатын үміткерлерді тіркеу 30 мамырда ресми түрде басталған еді. 

Еске салсақ, 19 мамыр кешке Иранның Tasnim басылымы Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиан мінген тікұшақтың Шығыс Әзербайжан аймағында апатқа ұшырағанын жазған.

Қызыл Ай ұйымының ирандық құтқарушылары Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ құлаған сәтте оның жолаушыларының барлығы қайтыс болғанын хабарлады. 10 сағаттан артық іздеу жұмыстарымен айналысқан құтқарушылар толыққанды жанып кеткен тікұшақты ғана тапқан.

20 мамыр күндіз Иранның ресми билігі президенттің тікұшақ апатынан қайтыс болғанын ресми түрде растады.

Бортта Раисимен бірге Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиан, Аятолла аль-Хашем, имам Джума-Тебриза да болған. Ибрахим Раисидің Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Арас өзені бойындағы плотнинаның ашылуына қатысуды жоспарлаған.