Жаңалықтар

Қытай генеративті жасанды интеллектіні қолданысқа енгізуден көш басында тұр – БАҚ  

Қытайлықтардың 83%-ы генеративті ЖИ-ге жиі жүгінеді / Фото: kursiv.media

Қытай генеративті ЖИ-ді қолданудан табысқа жете бастады. Reuters осыған байланысты зерттеу материалын ұсынды.

Америкалық SAS пен Coleman Parkes Research компаниялары жүргізген сауалнамада қытайлық респонденттердің 83%-ы генеративті ЖИ-ге жиі жүгінетіндерін көрсетті.

2022 жылы  Microsoft компаниясы қолдауымен OpenAI іске қосылғаннан кейін оншақты қытайлық компания өз өнімдерін ұсына бастады.

БҰҰ-ның Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының есебінде Қытай GenAI патент жарысында көш бастап тұр. 2014 және 2023 жылдар аралығында 38 000-нан астам өтінім берген, сол кезеңде АҚШ 6 276 өтінім берген.

Халықаралық генеративті ЖИ жеткізушілеріне Қытайдың ішкі индустриясы төтеп бере бастады. ByteDance сынды технологиялық гигант пен Zhipu сынды стартап компаниялар өз қызметін ұсынып, алып нарықты қамтамасыз етіп отыр.

SAS есебінде Қытай үздіксіз автоматтандырылған бақылауда әлемдік көшбасшы екені айтылады.

Сарапшылар жасанды интеллект нарығының көлемін әртүрлі бағалауда. MarketsandMarkets-тің ең қарапайым есептеуі бойынша, 2023 жылы жаһандық AI нарығының көлемі 150,2 млрд долларды құрады. Next Move Strategy Consulting жасанды интеллектің әлемдік нарығын 200 млрд доллардан астам деп бағалайды. Ең оптимистік деректер үндінің Fortune Business Insights консалтингтік компаниясында. Оның болжамдары бойынша, AI нарығы 2023 жылғы 515,31 млрд доллардан 2030 жылға қарай 2 трлн долларға дейін өседі.

Бір жағынан, сарапшылар жасанды интеллект жобаларына арналған инвестициялардың азайғанын байқаған. Бұл венчурлық инвестицияларға да, M&A сегментіндегі мәмілерге де қатысты. Ірі корпорациялардың топ-менеджерлері ЖИ-ды пайдалану, шынымен, қаржылық көрсеткіштердің артуына әкелетініне күмәнданады. Оның үстіне, нарық қатысушылары жасанды интеллект саласындағы қателіктер ірі брендтерге нұқсан келтіруі мүмкін деп қауіптенеді.

Стэнфорд университетінің зерттеушілерінің есебіне сәйкес, 2023 жылы жасанды интеллектіге байланысты әлемдік инвестиция көлемі қысқарды. Оған қоса екінші жыл қатарынан инвестициялық салымның төмендегені байқалады. Венчурлық капиталистер мен корпорациялар стартаптарға бағытталатын инвестицияны азайтты.