Lifestyle

Wimbledon-2024: қазақстандық теннисшілер қанша табыс тапты?

Wimbledon-2024: қазақстандық теннисшілер қанша табыс тапты? / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Лондонда «Үлкен Дулыға» додасы аяқталды. Жыл сайынғы теннис турнирінің 137-ші ұтыс ойыны Уимблдондағы шөп корттарында өтті. Жүлде қоры рекордтық 63 млн АҚШ долларын құрады. 2023 жылмен салыстырғанда жүлде қоры 11,9%-ға артты.
Wimbledon ресми сайты ерлер мен әйелдер арасындағы жеке турнир жеңімпаздары 3,4 млн алды деп хабарлайды.

Wimbledon мәліметіне сүйенсек, бір жыл бұрын біздің 6 ойыншымыз қоржындарын 828 945 долларға толтырса, биыл бұл көрсеткіш екі есе өсті – 1,554 млн доллар.

1.⁠ ⁠Елена Рыбакина – 929 500 доллар (2023 жылы – 442 000$)
2.⁠ ⁠Юлия Путинцева – 314 275 доллар (2023 – 80,405$)
3.⁠ ⁠⁠Александр Бублик – 196 040 доллар (2023 –269,100$)
4.⁠ ⁠⁠Александр Шевченко – 88 140 доллар
5.⁠ ⁠⁠Анна Данилина – 16 250 доллар (2023 –19,630$ )
6.⁠ ⁠⁠Александр Недовесов – 10 140 доллар (2023 – 8,900$)

Сонымен қатар биыл «Үлкен Дулыға» турнирінде ерлер арасында жекелей сында испаниялық теннисші Карлос Алькарас чемпиондық атаққа қол жеткізсе, әйелдер арасында Чехиялық Барбора Крейчикова жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ресейде дүниеге келген Елена Рыбакина 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, турнирлерге Қазақстан атынан қатыса бастаған. Ол 2022 жылы Уимблдон турнирін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық болды