Қазақстан мен Ресей Ертісте жаңа су электр стансасын салу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр
Ресей Ертісте қуаты 300 МВт болатын Семей су электр станциясының құрылысына қатысуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елордада өткен жиын барысында айтты.
«Ертіс өзенінде – Шүлбі ГЭС-інің контррегуляторы деп аталатын су электр станциясын салу қажеттілігі Қазақстанда көптен бері айтылып келеді. Бұл бүкіл Ертіс каскадының қуатын арттыратын дербес станса. Алдын ала атауы Семей су электр стансасы. Бұрын Бұлақ су электр станциясы деген атпен белгілі болған. Бұл – шекаралық өзен. Сондықтан ресейлік әріптестеріміздің тәжірибесін тарту толығымен қисынды болар еді», – деді министр.
Оның айтуынша, серіктестерді таңдау бойынша түпкілікті шешім ресейлік компаниялармен және баламалы қызмет көрсетушілермен келіссөздер жүргізіп жатқан «Самұрық-Қазына» холдингінің құзыретіне жатады.
Сатқалиев су электр станциясының қуаты 300 МВт болатынын атап өтті. Станция базалық және ең жоғары (ең жоғары тұтыну кезінде – әдетте кешкі уақытта) жүктемелерді жабуға қатысады.
Еске сала кетсек, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысындағы гидроэлектростанциялар жеке инвесторларға сатылмайды деп уәде берген. Министр энергетинканың негізгі нысандары болып саналатын екі ірі су станцияның жеке тұлғаларға сатылмауына кепілдік берді.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Өскемен және Шүлбі гидроэлектрстанцияларына иелігіне алғанын Қазақстан қор биржасына хабарлаған еді.
Комапанияның KASE-ге ұсынған ақпаратына сәйкес, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС мен «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-нің 100% акциялары енді «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі екені жазылған.