Барселона мен Мадрид бәсекелестігі: Испанияда ең жоғары жалақы алатын футболшылар

Жарияланды 19 Шілде 2024 14:15

(жаңартылды 19 Шілде 2024 14:52)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Испанияда ең жоғары жалақы алатын футболшылар / коллаж kursiv.media, ь бильд-редактор Ахтам Зиперов

Испандық Ла Лиганың 2024/25 жылғы маусымында ең көп жалақы алатын ойыншылар тізімі жарияланды.

Саpology сайтының мәліметіне сүйінсек, Испания біріншілігінде ең көп жалақы алатын ойыншы – Барселонаның жартылай қорғаушысы Фрэнки Де Йонг, нидерландиялық футболшы жылына 37,5 миллион еуро жалақы алады. Ал екінші орынға жылдық кірісі 33,3 миллион еуроға бағаланатын «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовский жайғасқан. Ал «Реал Мадрид» қатарына жаңадан қосылған Мбаппе жылына 31,3 миллион еуро жалақы алып, үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ла Лигада жоғары жалақы алатын ойыншылардың ондығы:
 1.⁠ ⁠Фрэнки Де Йонг («Барселона») – 37,5 миллион еуро;
 2.⁠ ⁠Робрет Левандовский («Барселона») – 33,3 миллион еуро;
 3.⁠ ⁠Килиан Мбаппе («Реал Мадрид») – 31,3 миллион еуро;
 4.⁠ ⁠Давид Алаба («Реал Мадрид») – 22,5 миллион еуро;
 5.⁠ ⁠Джуд Беллингем («Реал Мадрид») – 20,8 миллион еуро;
 6.⁠ ⁠Ян Облак («Атлетико Мадрид») – 20,8 миллион еуро;
 7.⁠ ⁠Винисиус Жуниор («Реал Мадрид») – 20,8 миллион еуро;
 8.⁠ ⁠Илкай Гюндоган («Барселона») – 18,7 миллион еуро;
9.Федерико Вальверде («Реал Мадрид») – 16,6 миллион еуро;
10.⁠ ⁠Тибо Куртуа («Реал Мадрид») – 15 миллион еуро.

Сондай-ақ жасы ең үлкен Лука Модрич «Реал Мадридпен» тағы бір жылға келісімшартын ұзартып, бұл тізімде 23-орынан табылып отыр. Ал жастардың ішінен мадридтік ұжымның түрік ойыншысы Арда Гюлер айына 100 мың еуро табыс тауып, 50- орынға жайғасты.

Айта кетейік, Еуро-2024 ойындарының қорытындысы бойынша үздік жас футболшы атанған Ламин Ямал бұл тізімнің жүздігіне де кірмеген. Бәлкім, Еуродағы көрсеткен ойыннан кейін «Барселона» басшылығы жас ойыншыға жаңа келісімшарт ұсынар.

Сонымен қатар мадридтік «Реал» биыл әлемдегі ең қымбат футбол клубының атағын қайтарып алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз