Олимпиада-2024: Парижде ел намысын кімдер қорғайды?

Жарияланды 19 Шілде 2024 15:12

(жаңартылды 19 Шілде 2024 15:12)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

Ел намысын қоғауға 80 спортшы аттанды /коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан құрамасы Париж 2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қоғауға 80 спортшы аттанды. Бұл көрсеткіш Олимпиада тарихында антирекорд болып тұр. Ең көбі 2008 жылы Бейжіңде 22 спорт түрінен 132 спортшымыз өнер көрсетсе, алдыңғы Токиода өткен Олимпиадаға 19 спорт түрінен 93 спортшымыз қатысты. Сондай-ақ биыл ауыр атлетика мен әйелдер арасындағы күрес бойынша бірде-бір спортшымыз жоқ.

Жеңіп алған лицензиялар саны бойынша көш бастап тұрған боксшылар, одан кейін дзюдошылар болып тұр. Ерлер командасы бес салмақ дәрежесінде, әйелдер командасы үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Сонымен қатар лицензияларды ұтып алғандардың көбі алматылық спортшылар – 17, Астана қаласынан – 15. Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 10 жолдамадан жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында ең жас спортшы 17 жасар Батырхан Төлеуғали Таэквондодан бағын сынайтын болса, ең жасы үлкен спортшымыз 37 жасар Эльмир Алимжанов семсерлесу спорт түрінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ құрама сапында 4 бірдей Олимпиадаға қатысқан Владислав Яковлев ескек есуден қатысады. Қазіргі құрама сапында Олимпиадада көк туымызды желбіретіп, атын шығарған спортшымыз да бар. Ол дзюдошы Елдос Сметов 2016 жылы Риода күміс медаль иеленсе, 2020 жылы Токиода қола медаль алды, биыл Олимпиада ойындарында да медальсіз қайтпайды деген сенімдеміз.

Айта кетейік, қазақстандық 5 телеарна Париж-2024 жазғы Олимпиадасын тікелей эфирде көрсетеді. Қазақстандықтар «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан олимпиада құрамасына Мемлекеттік туды тапсырып, сәттілік тілеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз