Ерке Есмахан бұрынғы продюсері Баян Алагөзованың үйіне барды

Жарияланды 21 Шілде 2026 08:37

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің бұрынғы продюсері Баян Алагөзованың үйіне арнайы барып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады.

Жаңа альбом қарсаңындағы кездесу

Ерке Есмахан өзінің жаңа «Дауыс» альбомы мен ондағы «Әлди-әлди» туындысының шығуы қарсаңында Баян Мақсатқызының шаңырағына барып, арнайы бейнеролик түсірген.

Продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында:

«Ерке кеше қонақта болып, өзінің жаңа альбомы қарсаңында осындай әдемі рилс түсірді» – деп жазба қалдырды.

Ерке бұл жазба астында продюсерге жылы лебізін білдіріп, қолдауы үшін алғысын айтты.

Өнердегі ұстазына деген алғыс

Ерке Есмахан өзінің жеке парақшасында алғашқы продюсеріне деген құрметін білдіріп, жүрекжарды естелігін бөлісті.

Өзін үлкен сахнаға жетелеген, қолдау көрсеткен алғашқы продюсері әрі жанашыры ретінде Баян Мақсатқызының орны ерекше екенін атап өтті. Соңғы жылдары екеуінің де басты әні бесік жыры болғанын айтып, екеуі де сәби сүйіп, ана атанғанын әдемі сәйкестікке балады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан Баян Алагөзовамен құдағи болғысы келетінін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз