Қайрат Нұртастың анасы отбасылық бейне жариялап, ұлының қашан шығатынын айтты

Жарияланды 19 Шілде 2024 16:24

(жаңартылды 19 Шілде 2024 16:24)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қайрат Нұртас шілденің 19-нан 20-сы қараған түні босатылады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахмат Зиперов

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы өз Instagram желісінде отбасымен бірге бейнесін жариялап, ұлының қашан шығатынын жазды.

Посттың астында жанкүйерлерде өз қолдауын білдіріп жатыр.
«Біз де Қайраттың оралуын күтіп отырмыз, «енді бәрі жақсы болсын», дені сау болып оралсын», – деп пікір қалдырып жатыр.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде немересімен хат алмасқан сәттерін жариялады. Онда жазылған ақпаратқа сүйенсек, Қайрат Нұртас шілденің 19-нан 20-сы қараған түні босатылады. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық полиция департаменті растады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні Қайрат Нұртас қамауға алынған болатын. Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Қайрат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыз