Қырғызстан президенті Садыр Жапаров діни терминдерді компания атауына қолдануға тыйым салу үшін «Қырғыз Республикасының Азаматтық кодексіне өзгеріс енгізу туралы» заңына қол қойды.
24kg ақпаратына сүйенсек, құжатты Жоғарғы кеңес 2024 жылдың 27 маусымында қабылдаған. Заңның басты мақсаты заңды тұлғалардың фирма атауында діни сипаттағы сөздерді, терминдер мен анықтамаларды қолдануға тыйым салатын құқықтық нормаларды құру болып отыр.
Бұл ретте діни сипаттағы сөздердің, терминдердің, анықтамалардың тізбесін және оларды пайдалану тәртібін елдің министрлер кабинеті бекітетін болады.
19 шілдеде Қырғызстанда сиқыршы, емші, бақсы-балгерлердің қызметін жарнамалауға тыйым салынатын заң жобасы қабылданған.
Заң жобасының авторлары «Жарнама туралы» заңның 16-бабына сәйкес құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жауапкершілікке әкеп соғатын тауарлардың жекелеген түрлерін жарнамалаудың ерекшеліктері туралы ұғымдар бар екенін хабарлаған.
Бастамашылардың айтуынша, заңда ұсынылған емші қызметтері туралы бөлік жазылмаған. Жаңа толықтырулар осы ұғымдарды нақтылайды.
Айта кетейік, 2024 жылы наурыз айында Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров қызметтік іс-сапарға бизнес-класпен ұшуға құқылы лауазымды тұлғалардың тізімін бекіткен болатын.
Ақылбек Жапаров 2024 жылы 22 ақпандағы №66-өкіміне қол қойды. Шешім Қырғызстан мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға бөлінетін бюджет қаражатын ретке келтіру және ұтымды пайдалану үшін қабылданған.