Қазақстан нарығында шай мен кофенің сатылымы азайып кетті

Жарияланды 23 Шілде 2024 17:29

(жаңартылды 24 Шілде 2024 10:29)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Чай и кофе в Казахстане
Қазақстан нарығында шай мен кофенің сатылымы азайған / Shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстандағы шай мен кофе нарығы айтарлықтай өзгеріске ұшырап жатыр. Бұл өнімдерге деген сұраныстың төмендеуі биылғы жылдың бес айындағы сату көрсеткіштерінің құлдырауымен айқындалып отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйінсек, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда, 2024 жылы шай мен кофенің ішкі нарықтағы сатылымы 30%-ға азайып, 20,2 мың тоннаны құрады. Осылайша, биылғы жылдың көрсеткіші соңғы жеті жылдағы ең төменгі деңгейге жетті.

Өткен жылы сату көлемі рекордтық деңгейге жеткен болатын: 28,3 мың тонна. Өткен жылғы рекордтық көрсеткіш биылғы жылғы көрсеткіштерге айтарлықтай әсер етті. Дегенмен нарықтағы мұндай өзгерістер тек қана ішкі сұранысқа байланысты емес екенін ескерген жөн.

Импорт және жергілікті өндіріс

Қазақстанда шай мен кофенің өндірісі жоқтың қасы дегеннің өзінде елдегі өндіріс үлесі нарықтың 28%-ын құрайды, бұл шамамен 6,8 мың тонна. Қалған 72%-ы немесе 17,1 мың тоннасы импорттан келеді.

Шайдың негізгі импорттаушылары – Үндістан мен Кения. Бұл елдерден Қазақстанға шамамен 11 мың тонна шайдың 7,9 мың тоннасы жеткізіледі. Кофенің негізгі жеткізушілері – Бразилия, Ресей және Италия. Қазақстандағы 1,3 мың тонна кофенің 1 мың тоннасы осы елдерден келеді. Ал ерітінді шай мен кофенің басты жеткізушілері ретінде Ресей мен Малайзия танылып отыр. Бұл елдерден 4,8 мың тонна импортталады.

Сондай-ақ оқыңыз