Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасына бакалавр дәрежесін қайтару мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, бұл шешімді өткен жылы республикалық комиссия қабылдаған.
«Ол үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Сондықтан біз өткен жылдың соңында Парламентке тиісті заң жобасын енгіздік», – деді министр.
Бұл ретте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жүлделі орын алғандар «Болашақпен» шетелге білім алуға жіберіледі. Байқаулардың тізімін республикалық комиссия реттейді және белгілейді.
«Парламент сесиясы жұмысын бастағаннан кейін біз бакалвр бойынша студенттерді дайындауға қатысты ұсынысты енгіземіз. Биылдан бастап заң қабылданады», – деп уәде етті ведомство басшысы.
Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаттары «Болашақ» бағдарламасы аясында дарынды балаларды қолдау бойынша заңнамаға жаңа түзетулер дайындаған.
Бұл түзетулер «Болашақ» бағдарламасын кеңейтуді көздейді. Яғни солайша жас талант иелеріне қолдау көрсетілмек. Енгізілетін нормаларға сәйкес талантты оқушылар тек ақшалай сыйлық алып, гранттарды иеленіп қоймай, сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға түсе алады.
Еске сала кетейік, наурызда «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өтуге болатын мамандықтар тізімі жарияланды.