Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тіс емдеуге қаржы алу мүмкіндігін жарты жылға тоқтата тұрады. Бұл туралы «Ашық НҚА» жүйесінде жариялаған құжатта жазылған.
«2024 жылы 10 тамыздан бастап 2025 жылдың 1 ақпанына дейін қағидаларға 1-қосымша 2-тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын», – делінген құжатта.
Бұл қағидада «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтерді қолдану туралы» жазылған. Құжат осы қағиданы қолдануды 1 ақпанға дейін тоқтата тұруды көздейді.
Құжатты жария талқылау 7 тамызға дейін жалғасады. Бұған дейін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сарапшылар Болат Жәмішев пен Григорий Марченко зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға тыйым салуды ұсынғанын айтқан. Зейнетақы жинақтарын алу арқылы қазақстандықтар өз активтерін төмендетіп, зейнеткерлік жасында жеткілікті төлемдерсіз қалатыны туралы сөз болған.
БЖЗҚ сарапшылар тыйым салуды ұсынбағанын тек жинақты алып алу тұрақты сипатта болмауын айтқан. Қордың негізгі міндеті – қартайған шақта зейнетақымен қамсыздандыру үшін жинақтарды қалыптастыруға кедергі келтірмеуі тиіс екенін атап өтті.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнет жасындағылар БЖЗҚ-дағы жинақтарын үй алуға немесе емделуге пайдалана алады.
2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және басқа да қажеттіліктерге: білім алу мен емдеуге пайдалана алады. Ережелер іске асырыла бастағаннан бері 1,5 млн өтініш бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға 3,4 трлн теңгеден астам қаражат алынған.