Apple компаниясы жаңа жиналмалы iPhone үлгісін әзірлеп жатыр

Жарияланды 24 Шілде 2024 16:33

(жаңартылды 24 Шілде 2024 17:12)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Apple компаниясы жаңа жиналмалы iPhone үлгісін әзірлеп жатыр / shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Apple компаниясы 2026 жылы жиналмалы iPhone телефонды шығаруды жоспарлап отыр деп хабарлайды The Information басылымы.

Басылымның мәліметінше, жиналмалы iPhone Samsung Galaxy Z Flip телефонына ұқсас және корпусы көлденеңінен жиналатын болады. Компания құрылғының компоненттерін өндіру үшін Азиядағы шығарушыларға жүгінген. Сонымен қатар жаңа iPhone концепциясының кодтық атауы V68 болғандықтан, өнімнің ресми түрде әзірлену сатысында екенін білдіреді.

Apple-дің жиналмалы смартфонын шығару жоспары – компанияның Samsung-пен жаһандық нарықта, сондай-ақ Қытайда Honor және Huawei компанияларымен бәсекелестікке төтеп беру мақсатында жасалған қадамдардың бірі. Жиналмалы смартфондар жасанды интеллект функцияларымен жабдықталады деп күтіліп отыр, бұл iPhone-ға деген сұранысты арттыруы ықтимал.

Reuters деректеріне сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанында жиналмалы смартфондардың әлемдік нарығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49%-ға өсті.

Сондай-ақ 23 шілде күні Apple акцияларының бағасы өсті. Сауда кезінде олардың бағасы 1,3%-ға өсіп, 226,94 долларға дейін көтерілді. Жыл басынан бері компания акцияларының бағасы жаңа iPhone-ның жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған үлгілері шығарылады деген жоспармен 17%-ға қымбаттады.

12 қыркүйекте Apple компаниясы Купертинодағы штаб-пәтерінде iPhone-15-тің тұсаукесерін өткізген. Атап айтқанда, iPhone 15 және iPhone 15 Plus, iPhone 15 Pro , iPhone 15 Pro Max модельдері таныстырылған.

Сондай-ақ оқыңыз