2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде Олимпиада ауылындағы асханалар белгілі бір азық-түлік өнімдеріне шектеу қоюға мәжбүр. Бұл шектеулер тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақ қалдықтарын азайту және тұрақтылықты арттыру мақсатында енгізілген.
Lequipe мәліметіне сүйінсек, сейсенбі мен сәрсенбі күндері ұсынылған азық-түлік мөлшеріне және тағамдарды толтыру жылдамдығына спортшылар шағымданған.
Спортшылар мен олардың командаларына арналған мәзірде кейбір тағамдар, әсіресе, ет пен теңіз өнімдері, шектелген мөлшерде ұсынылады. Бұл жағдай спортшылардың тамақтану жоспары мен дайындықтарына әсер етуі мүмкін.
Ресми ашылу салтанаты өткеннен кейін, Олимпиадалық ауылға спортшылар көптеп келеді. Сол кезде азық-түлік пен тағамдардың рационы да көбейеді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар спортшылардың барлық қажеттілігін қанағаттандыруға және әртүрлі, теңдестірілген ас мәзірін ұсынуға уәде берді.
Осылайша, жұмыртқа сәрсенбіде таңғы ас мәзіріне енгізілді. Ауылда күнделікті 40 000-ға жуық спортшыға қызмет көрсететін тамақтандыруға жауапты «Sodexo Live» мейрамханасы спортшылардың шағымына түсіністікпен қарап, жұмыртқа мен гриль еті сияқты бірнеше өнімдерді сұранысқа ие екенін, сондықтан олардың көлемін артуына, алғашқы күндері байқалған олқылықтармен жұмыс істеуге уәде етті.
Ұйымдастыру комитеті осы шектеулердің әсерін азайту мақсатында спортшыларға түрлі баламаларды ұсынады. Мысалы, ақуызға бай өсімдік негізіндегі тағамдар, дәстүрлі тағамдар мен басқа да пайдалы нұсқалар қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына дайындық кезінде бишілер өздеріне төленетін жалақының айырмашылығына байланысты наразылық білдірген еді.