Ресей YouTube жылдамдығын 70% баяулатуға шешім қабылдады

Жарияланды 26 Шілде 2024 10:44

(жаңартылды 26 Шілде 2024 11:07)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
скорость
Ресей билігі YouTube жылдамдығын 70% баяулатуға шешім қабылдады / Фото: shutterstock

Ресей стационарлық компьютерлерде Youtube жүктеу жылдамдығын осы аптаның соңына дейін 40%, келесі аптаның соңында 70% төмендету туралы шешім қабылдады. Шара тек компьютер, ноутбук сынды көлемді қондырғыларға қатысты болады. Ұялы телефонға әсер етпейді. Бұл туралы Ресей Федерациясы Думасының байланыс комитетінің төрағасы Александр Хинштейн хабарлады.

«Бұл қосымшаны қолданатын ресейліктерге емес, біздің заңнаманы сақтамайтын ресурс әкімшілігіне бағытталған мәжбүрлі қадам», — деп жазды депутат Telegram-арнасында.

Хинштейннің айтуынша, жазда ресейліктердің көпшілігі демалысты және интернетке телефоннан кіретіндіктен осы кезеңде үлкен құрылғылардағы қосымша жұмысын бәсеңдету туралы шешім шыққан.

«Youtube жылдамдығының бәсеңдеуі оларға әсер етпейді. Ал ресурстың өзі мемлекеттің іс-әрекетке көшкенін көреді», – деп атап өтті ол.

Депутат Youtube қосымшасының Ресейдегі тағдыры тек өзіне байланысты екенін атап өткен. 

2022 жылы Ресейдің Роскомнадзор ведомствосы YouTube ресейлік БАҚ-ты жүйелі түрде цензуралап, платформада жалған ақпарат тарайтынын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз