Олимпиада 2024: Қазақстан атынан шығатын өзге елдің тумалары

Жарияланды 26 Шілде 2024 11:55

(жаңартылды 26 Шілде 2024 12:36)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан атынан шығатын өзге елдің тумалары / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бүгін Париж олимпиадасының ресми ашылу салтанаты өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын 80 спортшы қорғайды. Бірақ Париж төрінде сынға түсетін осы спортшыларымыздың бірқатары өзге елдің тумалары.

Олардың ішінде Өзбекстан, Ресей, тіпті Кенияда дүниеге келгендер бар. Кіндік қаны тамған жері басқа болғанымен, бүгінгі күні Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін жасадық

Жеңіл атлетика

Нора Джеруто – Кенияда дүниеге келген. 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. 2022 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Дейзи Джепкемей – Кенияда дүниеге келген. 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Еркін күрес

Юсуп Батырмурзаев – Дағыстанның Сулак аймағында дүниеге келген. 2013 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсіп жүр. 2020 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.

Дзюдо

Эсмигүл Куюлова – Өзбекстанда дүниеге келген. 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Теннис

Юлия Путинцева – Ресей тумасы 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингте 30-орында тұр

Александр Бублик – Ресейде дүниеге келген 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингте 25-орында тұр

Александр Шевченко – ресейлік 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингте 58-орында тұр

Сондай-ақ Олимпиадаға денсаулығына байланысты қатысудан бас тартқан Елена Рыбакина Мәскеу қаласында туып, 2018 жылдың маусым айында Қазақстан азаматтығын алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға барлығы 80 спортшы аттанды.

Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 26 шілде күні Астана уақытымен 20:00 басталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс кестесіне байланысты ашылу салтанатына бара алмайтын болды.

Сондай-ақ оқыңыз