Жаңалықтар

Азия Даму банкі Қазақстанға гидроэнергетикалық жобалар бойынша аукциондар өткізуге көмектеседі

АДБ Энергетика министрлігіне гидроэнергетика саласын дамыту бойынша кеңес береді / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан Үкіметіне Алакөл, Балқаш және Зайсан көлдері, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы Ертіс өзені бассейндеріндегі гидроэнергетикалық жобаларға аукциондар дайындауға және өткізуге көмектеседі. Потенциалды жалпы қуат шамамен 600 мВт болуы мүмкін. Тараптар тиісті келісімге қол қойды. Бұл жайында Энергетика министрлігі хабарлады.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, аукциондар өткізу арқылы инвесторлар құжаттаманы дайындауға уақыт пен ресурстарды қысқарта алады.

«Келісім сонымен қатар қуаты 600 МВт ГЭС жобасы үшін құжаттамамен алғашқы аукциондық сауда-саттықты өткізуге бағытталған. Келісімде су электрстанциясын салудың сәулеттік, функционалдық, техникалық, инженерлік шешімдерін анықтайтын алдын ала техникалық экономикалық негіздеме әзірлеу жоспарланған. Келісім жасау бойынша бірлескен нәтижелі жұмыстар атқарылды«, – деді энергетика министрі Сәтқалиев.

Жасалған келісім шеңберінде АДБ аукциондық құжаттама пакетін әзірлеуге техникалық көмек қаражатын бөледі деп жоспарлануда. Электр энергиясын сатып алу шартының жобасы, аукциондық құжаттама, қаржылық-экономикалық үлгі, тарифтік есептеулер және жоба құрылымына қатысты ұсыныстар әзірленетіні айтылған.

Бұдан бөлек, келісім шеңберінде АДБ Қазақстанның гидроэнергетикасын дамыту бағдарламасы бойынша кеңес беретін болады (жобалау, қаржыландыру, құрылыс, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді қамтиды).

Сондай-ақ антропогендік метан шығарындыларын азайту үшін техникалық қолдау, инвестициялар мен гранттар тарту мәселесі де қарастырылуда. Қазақстан бұл жұмысты экономиканың барлық салаларында, соның ішінде мұнай-газ саласында да жандандыруға дайын.

Осыған дейін Қазақстан мен Ресейдің Ертісте жаңа су электр стансасын салу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны мәлім болды. Нақтырақ айтсақ, Ресей Ертісте қуаты 300 МВт болатын Семей су электр станциясының құрылысына қатысуы мүмкін.  Сәтқалиев су электр станциясының қуаты 300 МВт болатынын атап өтті. Станция базалық және ең жоғары (ең жоғары тұтыну кезінде – әдетте кешкі уақытта) жүктемелерді жабуға қатысады.

Еске сала кетсек, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысындағы гидроэлектростанциялар жеке инвесторларға сатылмайды деп уәде берген. Министр энергетинканың негізгі нысандары болып саналатын екі ірі су станцияның жеке тұлғаларға сатылмауына кепілдік берді.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Өскемен және Шүлбі гидроэлектрстанцияларына иелігіне алғанын Қазақстан қор биржасына хабарлаған еді.