Сена өзенінің ластануына байланысты триатлоншылардың жаттығуы екінші мәрте тоқтатылды

Жарияланды 29 Шілде 2024 12:23

(жаңартылды 29 Шілде 2024 12:34)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Триатлоншылардың жаттығуы екінші мәрте тоқтатылды / daswetter.com, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Парижде Сена өзенінде судың ластануына байланысты Олимпиадаға қатысуы тиіс триатлоншылардың жаттығуы екінші рет тоқтатылды.

DW басылымының ақпаратына сүйенсек, Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті өзендегі судың сапасына «тиісті кепілдік» берілмегенін айтқан. 

Ауа райы болжамын ескере отырып, ұйымдастырушылар 30 және 31 шілдеге жоспарланған жарыстардың басталуына қарай судың сапасы қажетті деңгейге дейін жақсаратынына сенім білдірген. Осыған дейін триатлоншылардың алғашқы жаттығуы тоқтатылған. 

Айта кетейік, Олимпиада ойындары басталмас бұрын Париж басшылығы Сена өзенін тазартуға 1,4 млрд еуро жұмсаған. Дәлірек айтқанда, ағын сулардың өзенге құйылмауы үшін кәріз жүйесін жаңартқан.

Алайда жаздың жаңбырлы болуына байланысты Олимпиада ойындары қарсаңында тексеру кезінде өзендегі бактериялардың қауіпті құрамы анықталған. 

17 шілдеде Париж-2024 жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында қала мэрі Анна Идальго судың тазалығын дәлелдеу үшін Сена өзеніне түсіп көрген.

Париж қаласында өтетін Олимпиада ойындары басталмай жатып рекорд жаңартты. Олимпиадаға жалпы саны 8,8 миллион билет сатылды.

Сондай-ақ оқыңыз