Отандық кинооператор Америка киноакадемиясының мүшесі атанды

Жарияланды 29 Шілде 2024 15:53

(жаңартылды 29 Шілде 2024 16:04)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

Отандық кинооператор Оскар киноакадемиясының мүшесі атанды / TIMOTHY A. CLARY / AFP, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандық кинооператор Еркінбек Птыралиев Америка киноакадемиясының мүшесі атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Оскар академиясының мүшесі екенімді мақтанышпен жариялаймын!
Бұл мен үшін үлкен құрмет және кино әлеміне қосқан үлесімді мойындау. Әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрияның ең жақсы өкілдерін біріктіретін осындай беделді ұйымның бір бөлігі болу мүмкіндігіне ризамын. Кино өнерінің болашағын қалыптастыратын маңызды шешімдер мен дауыс беруге қатысуды асыға күтемін. Осы жолда маған қолдау көрсетіп, сенгендердің барлығына рахмет», – деді оператор.

Еркінбек Птыралиев 1989 жылы Шымкентте дүниеге келген. 2011 жылы Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын кинооператор мамандығы бойынша бітірген. Ол түсірген жұмыстардың қатарында Steppenwolf, «Желтая кошка» және «Бой Атбая» фильмдері бар.

Айта кетейік, америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы 1927 жылы Голливудта құрылды. 1929 жылдан бастап академия «Оскар» сыйлығының жеңімпаздарын жасырын дауыс беру арқылы анықтайтын конкурс өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз