Маусым айында Қазақстаннан трансшекаралық ақша аударымдарының көлемі 73 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 16,6%-ға аз, деп хабарлады Ұлттық банк.
Ақша аударымдары бағыттарының арасында бұрынғыдай Өзбекстан көш бастап тұр. Аталған елге бір айда 28,7 млрд теңге жөнелтілді (2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 8%-ға аз).
Аударылған қаражат бойынша Өзбекстанның үлесі 39,3%-ды құрады. Қазақстаннан ең көп ақша аударылған бес елдің қатарына Ресей (19,6 млрд теңге және 26,9%), Түркия (10,6 млрд теңге және 14,5%), Грузия (4,9 млрд теңге және 6,7%) және Қырғызстан (2,6 млрд теңге, 3,6%) кірді.
Ай сайынғы көрсеткіштерде транзакциялардың жалпы көлемінің төмендеуі 1,1%-ды құрады.
Қазақстан резиденттері пайдаланатын төлем жүйелерінің ішінде дәстүрлі түрде ресейлік «Золотая корона» алдыңғы орында тұр. Оның үлесі 90%-ды, ал аударылған ақша сомасы 65,7 млрд теңгені құрады (жылдық көрсеткіште 5,2%-ға, айлық көрсеткіште 1,1%-ға азайды).
Бұл ретте Қазақстанға аударылған трансферттер де қысқарды – жылдық көрсеткіште 27,4%-ға және айлық көрсеткіште 14,1%-ға, 63,8 млрд теңгеге дейін. Ақша аударушы елдер арасында Ресей 5,3 млрд теңге көрсеткішпен және 27,6% үлесімен бірінші орынға шықты. Одан кейін АҚШ (2,6 млрд және 13,6%), Корея (2,3 млрд және 11,9%) тұр. Өзбекстан мен Түркия 10% және 7,9% үлеспен сәйкесінше төртінші және бесінші орындарда.
2023 жылы қазақстанстандықтар 2023 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы шетелге 961 млрд теңгеден астам ақша аударған.