Жаңалықтар

Лицензиясының мерзімі өтіп кеткен Proportunity Management Company Limited өз өнімдерін жарнамалауды жалғастыруда. АХҚО сақ болуға шақырды

Компанияның лицензиясы 1 шілдеде аяқталған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржы қызметтері агенттігі (AFSA) қазақстандықтарды Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab лицензиясының мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесінде аяқталғанын хабарлады.

Алайда компания өз өнімдерін, соның ішінде исламдық банкинг және исламдық қаржыландыру өнімдерін халыққа жарнамалауды жалғастырып жатыр.

«AFSA компанияның бұрын краудфандинг платформасы ретінде лицензияланғанын және ешқашан исламдық банкинг немесе исламдық қаржыландыру қызметтерін ұсынуға өтініш бермегенін немесе лицензия алмағанын атап өткісі келеді. AFSA жұртшылықты AFSA лицензиясы бар және/немесе тіркелген ұйымдар туралы ақпаратты қамтитын Қоғамдық тізілімді қарауға шақырады», – деп ескертті «Астана» халықаралық қаржы орталығы.

Бұл ұйымның қаржылық қызметтерін немесе өнімдерін пайдаланбас бұрын тиісті лицензияның бары-жоғын анықтау өте маңызды.

Еске сала кетсек, «Астана» халықарылық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) криптовалюта айырбастау қызметтерін ұсынатын Astana Exchange компаниясының алаяқ екенін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін алаяқтар бейнеқоңырау соғу арқылы үш секунд ішінде ақшаңызды жымқыра алатыны туралы хабарлаған едік.